Жария оферта

«Аурика» «ЖШС» Сатып алушылардың жеңілдіктер беру бағдарламасына қатысуы туралы жария оферта.

  1. Жалпы қағидалар
    1. Осылайша, «Аурика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі “Сатушы” деп аталады, жеке және заңды тұлғаларға мұнай өнімдерін сатып алған кезде жеңілдіктер беретін дисконттық карталарды сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) осы офертада қарастырылған тәртіпте және шарттармен жасасуды ұсынады
    2. Сатып алушының Картаны сатып алуы және оны активациялауы Сатып алушының осы офертаның шарттарымен толық әрі қайтарымсыз келісетіні болып табыла
    3. Карта өз автокөлігіне жанармай құю мақсатында ғана жеке пайдалануға арналған және үшінші тұлғаларға табысталмауы тиіс
    4. Сатып алушы офертадан (Шарттан) кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
  1. Терминдер мен анықтамалар
    1. Автожанармай құю станциясы (бұдан әрі – АЖҚС) – мұнай өнімдерін сақтау мен бөлшек сатуды қамтамасыз ететін жабдықпен қамтылған, Сатып алушы Тауарды белгілі тәртіпте сатып алуға құқылы технологиялық кешендер.
    2. Сату кеңсесі – Карта берілетін, ауыстырылатын, бұғатталатын, сондай-ақ Шартта қарастырылған тәртіпте өзге қызмет көрсетілетін Сатушының құрылымдық бөлімшесі
    3. Жеңілдік – Карталарды сатып алған тұлғалардың шектелмеген саны үшін Сатушының барлық филиалдарында Карталар бойынша мұнай өнімдерін өткізу үшін тағайындалған, сондай-ақ Сату кеңселерінде және жеке кабинетте Карталарды толтырған кезде тағайындалатын мұнай өнімдерін бөлшек сату бағасын төмендету
    4. Карта – бұл сәйкестендіргіш ретінде пайдаланылатын чипке нөмірлер жазылған пластик карта. Сәйкестендіргіш картаның иесін Сатып алушының жеке кабинетіне байланыстырады. Жеңілдіктер бағдарламасының аясында картаны ұстаушы қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде мұнай өнімдерінің бірлігі үшін жеңілдік алуға құқылы.
    5. Тауар – Сатушының АЖҚС-да Сатып алушыға табысталатын мұнай өнімдері. Тауарды өлшеу бірлігі – литр.
    6. Мұнай өнімдері – Аи-92, Аи-95, Аи-98 маркалы бензин, дизельдік отын, қысқы дизельдік отын.
    7. Сатушының бөлшек сауда желісі – Сатушының АЖҚС желісі.
    8. Бөлшек сауда бағасы – мұнай өнімдерін нысандар (АЖҚС) арқылы кесімді тұтынушыға өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (мұнай өнімдерінің реттелетін түрлеріне) белгіленген және Сатушы (мұнай өнімдерінің реттелмейтін түрлеріне) белгілеген  баға.
    9. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу – қолма-қол ақша қаражатын енгізу, банктік төлем/кредиттік картамен төлеу, Сатушының жанармай картасының ақша әмиянымен төлеу.
    10. Рекуррентті төлемдер – Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің қосымша растауынсыз WooCommerce Subscriptions жүйесі арқылы Орындаушыға алдын ала белгіленген уақыт аралығында аударуға келіскен автоматты қайталанатын төлемдерді білдіреді.
    11. Жеке кабинет – Сатып алушының www.aurika.kz сайтындағы электрондық кабинеті, ол Сатып алушыға Карта бойынша тиісті операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
  1. Офертаның мәні
    1. Сатушының барлық бөлшек сауда желісінде қолма-қол ақшаға сауда жасаған кезде активацияланған Картаның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда Сатушы Сатып алушыға жеңілдіктер беруге міндеттеледі..
    2. Тауар сатылған күні Сатушы белгілеген баға бойынша және осы офертаның шарттарына сәйкес Сатушы Картаны және/немесе Тауарды сатады, ал Сатып алушы олардың ақысын төлейді және қабылдайды.
    3. Көлік құралына жанармай құйған сәттен бастап Тауарға қатысты меншік құқығы Сатып алушыға ауысады. Тауарды жөнелткен сәтте Картаны көрсеткен тұлғаның Картаны иелену негізділігін тексеру Сатушының міндетіне жатпайды..
    4. Активацияланған Картаның түпнұсқасын ұсынбау арқылы Сатып алушы жеңілдіктен бас тартуға құқылы..
    5. Жеңілдіктердің мөлшері мен жеңілдік беру шарттарын Сатушы  www.aurika.kz веб-сайтында жариялайды.
    6. Сатушы аталған веб-сайтта тиісті ақпаратты жариялау арқылы Сатып алушыларға міндетті түрде хабарлай отырып, жеңілдіктердің мөлшері мен жеңілдік беру шарттарын өзгертуге құқылы.
    7. Жеңілдіктер қолма-қол ақшаға сатып алынған мұнай өнімдерінің реттелмейтін түрлеріне ғана беріледі.
  1. Сатып алушыны Сатушының жеңілдіктер бағдарламасына қосу тәртібі
    1. Сатушының жеңілдіктерін пайдалануға және Картаны алуға ниет білдірген жеке тұлғалар Картаны сатып алу үшін «Аурика» АЖҚС-не немесе Сатушының сату кеңсесіне баруы тиіс. Картаны Сатып алушы активацияланбаған күйде өткізеді.
    2. Сатып алушы құнын төлеу арқылы Картаны өз меншігіне (жеке пайдалану үшін) сатып алады.
    3. Картаны активациялау www.aurika.kz сайтында сауалнамалық деректерді толтырып, Сатып алушы аталған сайтта ойдағыдай тіркелгеннен сәттен бастап 1 (бір) тәулік ішінде жүргізіледі.  
    4. Картаны активациялау үшін және Сатушының сайтында тіркелу үшін Сатып алушы мынадай деректерді ұсынуы тиіс:
      • Картаның нөмірі
      • Аты, Тегі
      • Ұялы телефонының нөмірі
      • Электрондық мекенжайы (өрісті толтыру міндетті емес)
    5. Активация Сатып алушы www.aurika.kz сайтында тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады. Картаны активациялағанға дейін карта бойынша жеңілдік берілмейді. Картаны сәтті активациялағаннан кейін Сатып алушы жеке кабинетінің электрондық мекенжайы, логині мен құпия сөзі расталған қысқаша хабарлама (SMS) алады. Тіркеу негізінде Сатушының деректер базасында Сатып алушының дербес деректері тіркеледі, картасына нөмір беріледі.
  1. Жеңілдіктер беру тәртібі
    1. Осы офертаның аясында мұнай өнімдерінің реттелмейтін түрлерін Сатушының бөлшек сауда желісінде сатып алған Сатып алушыларға жеңілдіктер беріледі (мұнай өнімдерінің реттелетін түрлері ескерілмейді).
      • Жеңілдікті алу құқығы және/немесе ағымдағы айда жеңілдіктің деңгейі Сатып алушыда туындайды:
      • 25 литр +: жеңілдік карта ұсынылған кезде  беріледі. Карта www.aurika.kz сайтында көрсетілген мөлшерде тұрақты негізде жеңілдік береді.
      • 100 литрден бастап: жеңілдік карта ұсынылған кезде беріледі.
      • Зейнеткерлерге: www.aurika.kz сайтында  көрсетілген мөлшерде жеңілдік күнтізбелік айдың басынан бастап алғашқы 200 литрге беріледі және ол аяқталғанға дейін жарамды.
      • Студенттерге. www.aurika.kz сайтында  көрсетілген мөлшерде жеңілдік күнтізбелік айдың басынан бастап алғашқы 200 литрге беріледі және ол аяқталғанға дейін жарамды.
      • Шағын бизнес: www.aurika.kz сайтында  көрсетілген мөлшерде жеңілдік жеке кәсіпкерлер үшін АИ 95, АИ 92 және ДО әрбір литрінен беріледі.
    2. Клубтық: жеңілдік карта ұсынылған кезде  беріледі. Карта www.aurika.kz сайтында  көрсетілген мөлшерде тұрақты негізде жеңілдік береді.
    3. Сатушы белгілеген жеңілдіктің деңгейі және/немесе жеңілдіктерді беру шарттары кез-келген уақытта өзгертілуі мүмкін. Өзгерістер сатушының www.aurika.kz веб-сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, егер күшіне енудің өзге мерзімі оларды жариялаған кезде қосымша белгіленбесе.
    4. Карталарды теріс пайдалануға жол бермеу үшін жеңілдіктер бір тәулікте АЖҚС-те алғашқы 3 транзакция (чек) үшін беріледі және/немесе тәулігіне 30 мың теңгеден аспайтын сатып алу сомасына беріледі.
  1. Төлем тәртібі
    1. Картаның 1000 теңге мөлшеріндегі құнын төлеу Сатып алушының өз таңдауы бойынша келесі тәсілдердің бірімен алдын-ала төлеу арқылы жүзеге асырылады:
      1. қолма-қол ақша қаражаттарын Сатушының АЖҚС және/немесе сату бөлімінің кассасына енгізу арқылы;
      2. https://aurika.kz/shop/ мекенжайы бойынша орналасқан Сатушының онлайн дүкенінде ақша аудару арқылы;
      3. мобильді қосымшаны жүктеу арқылы. Карталарға мобильді қосымша арқылы тапсырыс берілген жағдайда картаның құны алынбайды;
      4. Сатушының есеп шотына төлеу арқылы.
  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    1. Сатушының міндеттері:
      1. www.aurika.kz веб-сайтына тиісті ақпаратты жариялау арқылы Сатып алушыларға осы офертаның мәтініне, жеңілдіктердің мөлшеріне және жеңілдіктерді беру шарттары туралы хабарлау.
      2. Офертаның шарттарында қарастырылмаған мақсаттар үшін Сатып алушылардың дербес деректерін олардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеу.
    2. Сатушының құқықтары:
      1. Жеңілдіктердің мөлшерін және жеңілдіктерді беру шарттарын өз бетінше тағайындау және белгілеу, сондай-ақ осы офертаның мәтініне өзгерістер енгізу.
      2. Сатып алушылардың арасында науқандар және/немесе бағалы сыйлықтардың ұтысын өткізу..
      3. Бірлескен акциялар және/немесе ұтыстар өткізуге үшінші тұлғаларды (Серіктестерді) тарту..
      4. Карта мен Тауардың құнын осы офертаның шарттарына сәйкес алу..
      5. Осы офертаны толық немесе ішінара қайтарып алу, осы офертаның мәтініне өзгерістер енгізу.
      6. Мынадай жағдайларда жеңілдіктер беруден бас тарту:
        • АЖҚС жабдықтарының жұмысында техникалық кідіріс болған кезде;
        • карта механикалық зақымдалған кезде;
        • Сатып алушы төлем жасағаннан кейін Картаны көрсеткенде;
        • АЖҚС қызметкері Картаның түпнұсқалылығына қатысты күдіктенген кезде.
      7. Шартты орындау мақсаттары үшін қажет барлық мәліметтерді, соның ішінде Шартты орындау барысында мәлім болған Сатып алушылардың дербес деректерін пайдалану.
  2. Сатып алушының міндеттері:
    1. Офертаны қабылдауға ниет білдірген жағдайда www.aurika.kz сайтында сауалнамалық деректерді дұрыс әрі шынайы толтыру.
    2. Осы офертаны қабылдаған жағдайда Карта мен Тауардың құнын офертада қарастырылған тәртіпте және шарттармен төлеу.
    3. Сатып алуды рәсімдеу барысында, бірақ фискальдық чек жабылғанға дейін Картаны АЖҚС кассиріне көрсету.
    4. Картаны пайдаланудың барлық ережелерін ұстану.
    5. Офертаның шарттарын орындау және Картаны бөгде көлік құралдарына жанармай құю арқылы пайда алу, көлемдерді көбейту, астыртын әрекеттер және өзге айла-шарғылар сияқты мақсаттарда пайдаланбау.
  3. Сатып алушының құқықтары:
    1. Сатушы өткізетін науқандар мен ұтыстар туралы толық ақпарат алу.
    2. Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша арыз беру.
    3. Сатушының веб-сайтында Жеке кабинет арқылы Сауалнамадағы кейбір деректерді өз пайымдауынша түзету.
    4. Карта жоғалып қалған жағдайда Картада көрсетілген нөмір бойынша Сатушының Сall-орталығына хабарласып, Картаның жоғалғаны туралы хабарлау (Картаның нөмірін айту) және Картаны бұғаттауды сұрау немесе Сатушының веб-сайтындағы Жеке кабинет арқылы Картаны өз бетінше бұғаттау. Карта Сатушы арызды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қалпына келтіріледі. Картаның офертада белгіленген құны төленгеннен кейін жоғалған картаның орнына басқа карта беріледі.
    5. Шарттың аясында алынған Карталар тиісті түрде сақталуы тиіс және тікелей тағайындалуы бойынша пайдаланылуы тиіс
  1. Тараптардың жауапкершілігі
    1. Сатушы мен Сатып алушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес Шарт бойынша жауапкершілік тартады.
    2. Сауалнамалық деректерде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін Сатып алушы жауапкершілік тартады. Осылайша, қате мәліметтер берілгені үшін, ПИН-кодтың қате енгізілгені үшін, сондай-ақ Сатушы өз міндеттерін тиісті түрде орындай алмауына ықпал еткен басқа әрекеттер үшін Сатып алушы жауапкершілік тартады.
    3. Картаның жоғалып кетуі нәтижесінде туындауы мүмкін салдар үшін Сатып алушы толық жауапкершілік тартады.
    4. Егер тараптар міндеттемелерін еңсерілмейтін күш салдарынан, яғни төтенше және болжанбаған жағдайлардың (өрт, жер сілкінісі, сел және өзге табиғи құбылыстар, эпидемиялар, әскери әрекеттер, дайындаушы-зауыттың жөндеуге тоқтатылуы (апат болуы), Тараптарға осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға тосқауыл болатын актілерді мемлекеттік органдардың шығаруы және т.с.с.) салдарынан орындамағанын дәлелдесе, осы оферта бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаған Тарап жауапкершіліктен босатылады.
    5. Жабдықтардың техникалық ақаулары және/немесе бағдарламалық жасақтаманың кідірістері туындаған жағдайда Карталарды немесе жеңілдіктерді беруде уақытша кідіріс болған жағдайда Сатушы жауапкершілік тартпайды.
    6. Сатып алушы Картаны жоғалтып алған жағдайда немесе Картаны үшінші тұлғалар ұрлап кеткен жағдайда, Сатып алушы Картаны бұғаттамаған немесе уақытылы бұғаттамаған жағдайда Сатушы Карта үшін жауапкершілік тартпайды.
    7. Сатып алушыға Серіктестер сатқан Тауардың және/немесе көрсеткен қызметтердің сапасы үшін Сатушы жауапкершілік тартпайды.
  2. Дауларды шешу тәртібі
    1. Осы Шарттан немесе онымен байланысты туындауы мүмкін барлық келіспеушіліктер мен дауларды Сатушы мен Сатып алушы соттан тыс тәртіпте келіссөздер жүргізу арқылы шешеді. Даулар мен келіспеушіліктерді осылай шешу мүмкін болмаған жағдайда олар Сатушы орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табысталуы тиіс.
  3. Офертаның әрекет ету мерзімі.
    1. Осы оферта осы мәтін www.aurika.kz веб-сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және Сатушының өзінің веб-сайтына тиісті хабарландыруды жариялау арқылы немесе кез келген байланыс құралдары арқылы Сатып алушыға хабарлау арқылы Сатушы офертаны қайтарып алған сәтке дейін әрекет етеді.
  4. Шарттың әрекет ету мерзімі және Шартты өзгерту
    1. Шарт оферт құпталған сәттен бастап күшіне енеді және Картаның әрекет ету мерзімі аяқталған сәтке дейін немесе Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылған сәтке дейін әрекет етеді.
    2. Сатып алушы осы офертаға өзгерістер енгізу Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған және әрекет ететін Шартқа осы өзгерістерді енгізумен тең екендігімен және Шартқа енгізілген өзгерістер осы офертаға енгізілген өзгерістермен бір мезгілде күшіне енетіндігімен келіседі
  5. Өзге шарттар
    1. Сатып алушы соңғы жаңалықтармен бірге жаңартылған ақпаратты, ақпараттық хабарламаларды, жаңа ұсыныстарды, арнайы ұсыныстарды, сондай-ақ Сатушының серіктестерінің жаңалықтары мен ұсыныстары туралы ақпаратты SMS арқылы және электрондық поштаға алуға келіседі.
    2. Картаның әрекеті Сатушының шағын маркеттеріндегі Тауарларға таралмайды.
  6. Сатушының деректемелері

«Аурика» ЖШС

Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 17 үй

БИН 970240002559

ЖСК KZ216010111000004128

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-да

БСК HSBKKZKX

Тел.: +7 (7172) 400-595.