fbpx Skip to content

Жүргізушілерге

Жүргізушілер үшін оңтайлы шешімдер қабылдаудың 30-жылдық тəжірибесі

«Аурика» компаниясы жүргізушілерге дербес қамқорлық көрсетеді, сервистің деңгейін жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жасайды жəне айналадағы өмірді анағұрлым ыңғайлы етуге көмектесетін жайлы шешімдер шығарады.

Біздің мобильді қосымшамызбен бірге максимум жайлылық

Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, өзіңіздің жеке шотыңызды қашықтан толық бақылаңыз. Отынды түйіспесіз толтыру, төлем, дисконттық жəне бонустық карталарды пайдалану, тапсырыстарды жылдам рəсімдеу жəне онлайн режимінде басқа əрекеттерді орындау. Акциялар мен жеңілдіктер туралы алғашқылардың бірі болып біліңіз.

Бонустық карта

бензиннен 4 теңге, дизельден 1 теңге.

«Аурика» АЖҚС-ң бонустық бағдарламасының қатысушысына айналыңыз жəне отынды əрбір құйған кезде пайда алыңыз. Бонустарды жинаңыз жəне олардың көмегімен өз саудаңыздың ақысын төлеңіз. Көбірек отын құйсаң – көбірек ұтасың!

Дисконттық карталар

25 лирт +

Көлігіңіздің багын толтырғыңыз келе ме? 25 литрден артық сатып алған кезде əр литрден 5 теңге жеңілдік алыңыз. Бірінші литрден бастап пайда алыңыз!

Зейнеткерлер үшін

Зейнеткерлік жастағы кісілерге құрмет көрсете отырып, біз барлық зейнеткерлер үшін бір айдағы алғашқы 200 литрге 10 теңге жеңілдік береміз. Қаражатыңызды бізбен бірге күн сайын үнемдеңіз!

Шағын бизнес

«Аурика» компаниясы елімізде шағын бизнестің дамуына қолдау көрсетеді. Жеке кəсіпкерлер үшін АИ 95 жəне АИ 92 маркалы бензинінің əр литріне 7 теңге жеңілдік ұсынамыз.

Клубтық

Біздің клубымызға қосылып, әр литрге жеңілдік алыңыз! Бензинге 10 теңге жеңілдік және дизельдік отынға 5 теңге жеңілдік ұсынамыз. Ай сайынғы мүшелік жарна 1000 теңгені құрайды.

Сыйлық карталары

Литрлік

Əуесқой автомобильшіге не сыйлауға болады деп ойлап жүрсіз бе? Номиналы 100 литрден басталатын Аурика сыйлық картасы – ұтылыссыз нұсқа.

Ақшалай

Ақшалай сыйлық картасы – кез-келген жүргізушіге арналған əмбебап сыйлық. 10 мың теңгеден басталатын номиналды таңдаңыз жəне кез-келген отынның литріне 5 теңге жеңілдік алыңыз.

Белсенді жеңілдіктер жəне
ағымдағы айға жеңілдіктер!

Clean products әйнек тазартқышы

Басталуы: 29/08/2021
Аяқталуы: 01/12/2021

Алдыңғы әйнекті, бүйіржақ және артқы әйнектерді, сондай-ақ фараларды тазартуға арналған жоғары сапалы Clean products әйнек тазартқышы. Қоршаған ауаның теріс температураларында пайдалану үшін абсолюттелген изопропил спиртінің негізінде әзірленген. Құны 950 теңге.

Смарт жанармай құю

Басталуы: 20/07/2021
Аяқталуы: 19/11/2021

Смарт жанармай құю – жүргізушілер автомобильден шықпай-ақ жанармай үшін төлей алатын қосымша болып табылады. Ол үшін: Смарт Заправка қолданбасын жүктеу және QR-кодын сканерлеу қажет. Смарт Заправка – Көліктен шықпай-ақ жанармай құйып ал.

Halyk Homebank

Басталуы: 15/08/2021
Аяқталуы: 01/12/2021

Достар, көлігіңізге жанармай құю ақысын кассада төлеу автокөлігіңізден түсіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Жанармай құю станциясының кез-келген ыңғайлы колонкасына келіп, Halyk Homebank қосымшасына кіріп, “Төлемдер” бөліміне, одан кейін “Көлік/жанармай құю” бөліміне өтіп, таңдау қажет:

  • ЖҚС
  • Колонканың нөмірі
  • Жанармай (отын), жанармайдың көлемі немесе сомасы.
  • Кез-келген банктің картасын көрсетіп, төлеу қажет.
  • Жанармай құю станцияларында “Жанармай құю” қашықтағы сервисін пайдаланыңыз және Halyk Homebank қосымшасынан 10% бонус алыңыз.
Borjomi Flavored

Басталуы: 23/08/2021
Аяқталуы: 01/12/2021

Өзінің ұзақ тарихында алғаш рет BorJomi минералды суының аңызға айналған бренді жаңа топтамасын – жемістердің, жидектер мен шөптердің дәмі бар BorjomiFlavored-ті ұсынады. Төрт таңдаулы дәмде минералды су шөптердің табиғи сығындыларымен, жидектер мен жемістердің хош иістерімен ерекше үйлеседі: цитрус-зімбір, шие-анар, бүлдірген-шөптер, лайм-кориандр. Дәмі бар Borjomi құрамында 0 қант және 0 калорий бар, бұл дәмнің рахатын алып, салауатты өмір салтын жүргізу үшін керемет мүмкіндік жасайды! «Аурика» АЖҚС-та Сіз дәмді бағамен сатып ала аласыз – 370 тг.

Отынды МӨЗ-ден жөнелтпес бұрын сапасын бақылау

Сапаны бақылау бойынша зауыттық зертханаларында отынның ГОСТқа және Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі кешенді зерттеледі. Сәйкес келген жағдайда әр топтама үшін сапа төлқұжаты шығарылады.

Отынның теміржол цистерналарында сақталуы

Мұнай өнімдері зауыттан мұнай базаларына теміржол көлігімен жөнелтіледі. Әр цистерна бір рет қолданылатын пломбымен пломбыланады және оны тасымалдаушы күзетеді. Жеткізілген отын сақтауға арналған сұйыққоймаларға құйылмас бұрын мұнай базаларының сертификатталған зертханаларында міндетті түрде тексерістен өткізіледі.

Отынды АЖҚС-ке жеткізу

Отын мұнай базаларынан АЖҚС-ке автомобиль көлігімен жеткізіледі. Өнім сапасының сақталуына және мөлшеріне кепілдік беру үшін мұнай базасынан шығарылған кезде автоцистернаның әр бөлігі бір рет қолданылатын нөмірлік пломбымен пломбыланады. «Аурика» компаниясының барлық бензовоздары GPS-трекерлермен қамтылған, олар отынның тасымалдауын жол бойы қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

Отынның сапасын АЖҚС-те бақылау

АЖҚС-ке жеткізілген отын қабылдау-тапсыру тексерісінен өтеді. Бензовоздан АЖҚС-ң жерасты сұйыққоймасына құймас бұрын отында механикалық қоспалар мен су жоқ екендігі тексеріледі. Осы параметрлерді бақылау мұнай өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және олардың араласып кетуіне жол бермейді.

Отын бөлу колонкаларының жұмысын бақылау

"Аурика" компаниясының әр АЖҚС-ң отын бөлу колонкаларының отын құю деңгейі мен отынның сапасы мобильді зертханаларды пайдалану арқылы ай сайын кенеттен тексеріледі. Параметрлердің нормативтен кез-келген ауытқуы анықталған жағдайда отынды өткізу дереу тоқтатылады.

Пікірлер

"«Аурика» ЖШС дизельдік отын мен бензинды сатып алу конкурстарының бірнеше рет жеңімпазы болды, өзін сенімді жеткізуші-серіктес ретінде көрсетті. Ынтымақтастық еткен кезең ішінде жанармай уақтылы және толық көлемде жеткізілді. Жұмыс барысында компанияның қызметкерлері жоғары деңгейдегі кәсіпқойлылықты көрсетті»."

Ербол А. Бектурсын

«University Medical Center» корпоративтік қорының Көліктік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

"«Ынтымақтастық еткен кезең ішінде «Аурика» ЖШС өзін жедел әрекет ететін өкілетті жеткізуші ретінде көрсетті, өз жұмысын сапалы әрі уақтылы орындауға ұмтылады, бұл біз үшін өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналды»."

Акпаров Даулет Джамбуович

«Қазтехнологиялар» АҚ МТҚ менеджері

"«Аурика» компаниясы ЖЖМ нарығындағы сенімді жеткізуші екенін көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Сіздердің клиенттердің талаптарын мұқият орындайтыныңызды, жедел әрекет ететіндігіңізді және кәсіпқойлығыңызды атап өткісі келеді. АЖҚС-те күндіз-түні үздіксіз қызмет көрсету, смарт-карталарды уақтылы толтыру және тауар сапасы мәлімделген талаптарға үнемі сәйкес келеді»."

Мажитова Лаура

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің аға менеджері

Roll Mart

– жолда керектінің барлығы

Сізге, сіздің отбасы мүшелеріңізге жəне сіздің автомобиліңізге арналған жəне барлық жағдайларда қажет болатын 5000-нан астам тауар Roll Mart онлайн-дүкенінде бар. Бағалары тиімді сенімді дүкен.