Клубтық карта тек жеке тұлғалар үшін қолданылады |
(Пластикалық) картаның құны – 300тг. |
Клубтық карта (пластикалық) картаны алу үшін сайтта сауалнамалық деректерді толтырып, оферта шартымен танысып, карта құнын төлеп, картаны алу/жеткізу тәсілін таңдау қажет. |
Барлық Клубтық карталардың өз нөмірлері бар және компанияның дерекқорында тіркеледі. Карта жоғалған/бүлінген жағдайда компания кеңсесіне жүгіну қажет немесе оны бұғаттау үшін 87018837744 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет. Картаның телнұсқасы берілмейді, карта сатып алушының есебінен қалпына келтіріледі. |
Біздің клубымызға қосылған клиенттер отынның әр литріне жеңілдік алады: АИ-92, АИ-95 бензиніне 10 теңге және дизель отынына (қысқы және жазғы) 5 теңге. |
Жеңілдік алу үшін сатып алу кезінде операторға міндетті түрде клубтық картаны беру қажет. |
Ай сайынғы мүшелік жарна 1500 тг, жылдық – 15 000 тг құрайды. |
Карталар бойынша төлем ай сайын немесе бірден жылдық жазылым ретінде жасалына алады. Бірден жылдық жазылымды таңдаған клиенттер үшін жеңілдік беріледі. |
Ай сайынғы төлем кезінде – Сатып алушы Жазылымның жаңа есептік кезеңін толықтай төлемеді, төленген кезең аяқталған соң келесі күні клубтық карталар күшін жояды. |
Жеңілдікті беру шектеулері – тәулігіне 100 литрден көп емес және айына 1000 литрден көп емес. |
Дисконттық карталардың мерзімі шектеусіз, бірақ оған қарамастан, компания АЖҚС-да және компанияның Сайтында тоқтатудың болжамды күнінен 1 (бір) ай бұрын тоқтатылғаны туралы хабарлай отырып, Бағдарламаның қолданылуын кез келген сәтте тоқтатуға құқылы. |