fbpx Skip to content

Powerexpo Astana 2022 – «Энергетика, электр техникасы және энергетикалық машина жасау» 9-шы қазақстандық халықаралық көрмесі

27.04.2022 – 29.04.2022

Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Powerexpo Astana көрмесі энергетика, электр техникасы және энергетикалық машина жасау саласындағы жабдықтарды, технологиялар мен қызметтерді көрсетуге арналған астаналық негізгі көрме алаңы болып табылады.

Powerexpo Astana көрмесіне электр және жылу-энергетикалық кешеннің, ТҮКШ мен өнеркәсіптік нысандардың қажеттіліктері үшін жабдықтар мен қызметтерді ұсынатын жетекші қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатысады.

Powerexpo Astana көрмесіне келушілер — кәсіптік аудитория, соның ішінде Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның қалаларынан арнайы шақыртылған делегациялар, олардың арасында мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволардың өкілдері; ОЭК кәсіпорындарының және инженерлік-техникалық қызметтердің жетекшілері; ӨЭК, ЖЭО, СЭС жетекшілері, коммуналдық шаруашылықтар мен әртүрлі саладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас инженерлері мен энергетиктері; жобалау, құрылыс, монтаждау ұйымдарының өкілдері; көліктік, сервистік және сауда кәсіпорындарының өкілдері бар.

MachExpo Kazakhstan «Энергетика, Электр техникасы және энергетикалық машина жасау» — Powerexpo Astana Қазақстандық Халықаралық көрмесінің бөлімдерінің бірі болып табылады және AstanaBuild Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьерлік көрмесімен бір көрме алаңында өткізіледі.