Оқиғалар
Конференциялар, көрмелер, семинарлар жəне шебер сыныптар
Сервистің деңгейін, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын үздіксіз жетілдіру дамуға жəне шешімдердің инновациялығына тікелей тəуелденеді, Біздің қозғалысымыздың векторы – отын саласының жоғары технологиялық өсуі.
Мұнайгаз-2023
«Мұнай-газ» көрмесі әлемдегі аса ірі мұнай-газ тексерудерінің ондығына кіреді. Ұлттық мұнай-газ формумымен бірге жыл сайын өткізіледі. Көрме және форум – бұл қатысушылардың, серіктестер мен барлық саланың синергиясы, бұл жерде барлық жаңа зерттемелер келтірілген, өндірушілер мен тұтынушылар кездеседі, трендті баяндамалар айтылады, өте маңызды іскерлік іс-шаралар өткізіледі.
18 - 21
СӘУІР, 2023
Шешімдердің инновациялылығы мен
экологиялылығы – біздің басымдығымыз
Кəсіпорынның өсіп жетілу үшін инновациялар мен жетістіктердің арасында нақты байланыс бар екенін анықтадық. Олар отын саласында бірінші кезекте үдерістердің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны басқаруға жəне отынның сапасына бағдарланған технологиялық ресурстарды пайдалануға шоғырланған.
Мұнай ресурстарымен жұмыс жасаудың барлық кезеңдерінде инновациялық құралдарды қолдану Қазақстан Республикасы үшін ерекше қажет, себебі бұл сала ел экономикасының құрылымында аса маңызды болып табылады.
Біз бүкіл әлемдегі өз әріптестеріміздің инновациялық тәжірибесі мен шеберлігіне және өз қызметкерлеріміздің кәсіптік біліміне сүйене отырып, өз кәсіпорнымызды ғана емес, сондай-ақ елді инновациялық дамытуға ұмтыламыз. Осындай қажырлы еңбектің кесімді мақсаты ретінде біз үшін жаңа жобаларды жүзеге асыру, клиенттерді қанағаттандыру және қоғамның сенімін арттыру табылады.
Барлығы үшін әлемнің көркеюіне кепілдік беретін экологиялық әдістерді таңдау, таза әрі жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану, технологиялық ресурстарды қолдану және үдерістерді автоматтандыру тұрақты жетістіктің және үздік нәтижелерге жетудің кепілі екеніне сенеміз!
Болашағымыз жарқын болу үшін бірге еңбектенейік!
Құрметпен,
«Аурика» ЖШС бас директоры Серебряков С.Н.