Жеткізу

Ақшыл мұнай өнімдерін жедел əрі қауіпсіз жеткізу

Жеткізу құнын есептеу

Үлкен жұмыс тəжірибесі, білікті жүргізушілер жəне жеке меншік арнаулы техникалар паркінің болуы бізге ақшыл мұнай өнімдерін автокөлікпен Нұр-Сұлтан қаласына жəне Солтүстік Қазақстанға ең тиімді бағалармен қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жеке меншік көлік

Ақшыл мұнай өнімдерін тасымалдау жəне жеткізу үшін біз өзіміздің бензин тасымалдаушы көліктеріміздің паркін ғана пайдаланамыз, бұл кез-келген мөлшерде отынды тасымалдау үшін сай келетін көлікті іріктеп алуға мүмкіндік береді. Біздің көліктеріміз барлық қауіпсіздік талаптарына сай келеді, ал геолокация жүйесі тасымалдаудың барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді.

Жеткізуіміздің
артықшылықтары

Тəжірибелі команда
Кəсіпқой қызметкерлер тасымалдаудың жылдам əрі қауіпсіз үдерісін қамтамасыз етеді. Қолдау қызметі клиенттердің өтінімдеріне дереу уақтылы əрекет етеді жəне кідірістерге жол бермейді.
Тиімді логистика
«Аурика» компаниясы заманауи логистика стратегияларын қолдана отырып, өтінім түскен күні жылдам əрі тиімді жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Төмен бағалар
Біз əр клиентімізге бірегей баға ұсынысын ұсынамыз жəне қаражатын үнемдеуге көмектесеміз. ҚҚС өтеу есебінен шығындарды 12% дейін үнемдеуге болады. Төлемнің барлық түрлері – қолма-қол ақшамен жəне ақшасыз есеп айырысуға болады.
Толық бухгалтерлік есеп-қисап
Біздің компаниямыз ұйымдастырушылық жəне техникалық мəселелерді ғана емес, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мəселелерін де өз мойнына алады. Компанияңыздағы тиімді құжат айналымы үшін барлық қажет құжаттарды алыңыз.

Жеткізілім құнын есептеу

Тапсырыстың кезеңдері
1-қадам
Кеңес беру
Бізбен кез-келген тəсілмен – телефон арқылы немесе осы парақтағы нысанды толтыру арқылы байланысыңыз, осыдан кейін біз Сізбен дереу байланысамыз.
2-қадам
Тапсырманы белгілеу
Тапсырысыңызды анағұрлым жедел əрі сапалы орындауымыз үшін Өз тапсырысыңыз туралы егжей-тегжейлі айтып беріңіз. «Не? Қайдан? Қайда? Қашан?» деген бірнеше негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.
3-қадам
Коммерциялық ұсыныс
Сіздің тапсырысыңызды егжей-тегжейлі анықтағаннан кейін біз тасымалдау құнын белгілей аламыз жəне коммерциялық ұсыныс, шарт, шот сияқты барлық қажет құжаттарды құрастыра аламыз.
4-қадам
Қызметтердің ақысын төлеу
Барлық қажет құжаттармен алмасқаннан кейін біздің командамыз тапсырысты орындауға дайын. Қызмет үшін төлем компанияның шотына түскеннен кейін біз тасымалдау үдерісін бірден іске қосамыз.
5-қадам
Тапсырысты орындау
Төлем расталғаннан кейін біз тапсырысты бірден жүзеге асыруға дайынбыз, көлік келісілген жерде жəне белгіленген уақытта болады. Біз отынды өз бетімізше тиеуге дайынбыз. Белгіленген пункте тапсырысты қабылдауға дайын болыңыз!
Сіздің дербес менеджеріңіз
Біз əр компанияға ерекше назар аударамыз. Сіздің дербес менеджеріңіз ыңғайлы шешімдерді жəне оңтайлы бағаны іріктеп алады, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Жеткізу туралы онлайн өтінімді рəсімдеу

Сауалнаманы толтырып, өтінім қалдырыңыз жəне біздің қызметкеріміз тапсырысты нақтылау үшін Сізбен байланысады.

ҚАЛА БОЙЫНША
ҚАЛААРАЛЫҚ
2000
2000 6400 10800 15200 19600 24000
Примерный подсчет доставки 3000 тг.
Максимальное количество доставки топлива
составляет 24 000 л.
0
0 200 400 600 800 1000
Примерный подсчет доставки 3000 тг.

Бізге қосылыңыз! Біздің клиентіміз болу оңай!

5000-нан астам кəсіпорын үздік сапалы сервисті алады. Бір рет шерту арқылы біздің компаниямыздың тұлғасындағы сенімді серіктеске ие болыңыз!

Тұрақты 5% жеңілдік алыңыз

Біздің компаниямыздың корпоративтік клиенті болу арқылы немесе дисконттық карталардың бірін алу арқылы Сіз отынды жеткізуге 5% жеңілдік аласыз.
Маған қоңырау шалыңыз