Газ.Мұнай.Технологиялар 2023
21.05.2024 – 24.05.2024
“ЭКСПО” көрме кешені Уфа, Ресей
Жоба мұнай-газ химиясы саласында инновациялық технологиялар мен жабдықтарды енгізуге, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Көрмеге келушілердің кең географиясы Ресейдің барлық мұнай-газ өндіретін аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген мамандарды қамтиды.
Башқұртстан Республикасының ОЭК кәсіпорындары басшыларының, бас технологтардың, инженерлердің, механиктердің және метрологтардың бизнес-кездесулері.
Жыл сайын көрмеге мұнай-газ саласындағы негізгі тұлғалар қатысады: химия, мұнай-химия және мұнай-газ кешенінің ірі компаниялары.
KIOGE Kazakhstan 2024
02.10.2024 – 04.10.2024
Алматы, Қазақстан, «Qaz Expo» ХКО
KIOGE (КИОГЕ) халықаралық көрме мен конференциясы – мұнайгаз саласын дамытудың инновациялық технологиялары мен негізгі тенденцияларына арналған беделді алаңша. Ең маңызды салалық оқиғалардың бірі бола отырып, мұнайгаз секторы үшін өзекті экономикалық идеялардың дамуына және нақты шешімдерді өндіруге жәрдем береді.
2018 жылы көрмеге 15 елден 252 компания қатысты, олар мұнайгаз жабдықтарын, автоматтандыру жүйелерін, ұңғымаларды бұрғылау мен игерудің технологияларын, өңдеуге арналған жабдықтарды және саланың басқа да жаңалықтарын көрсетті. Көрмеге әлемнің 50 елінен 3583 маман келіп кетті.
Отандық цифрландырудың флагманы «Ембімұнайгаз» АҚ белсенді қолдаған көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде жетекші өнеркәсіп компанияларынан 12 семинар өтті.
GreenTech Expo Kazakhstan 2024
02.10.2024 – 04.10.2024
Алматы, Қазақстан
Халықаралық мамандандырылған экологиялық технологиялар көрмесі
Әлемдік экологиялық индустрия мен өнеркәсіп Қазақстанда алғаш рет бір алаңда кездесіп отыр.
GreenTech Expo Kazakhstan – бұл әлемдік салалық экспоненттерді, импорттаушыларды, дилерлерді, өкілдерді, сондай-ақ мүдделі келушілерді біріктіретін Қазақстан аумағындағы жалғыз мамандандырылған көрме.
Тақырыптық бөлімдер:
Қалдықтар:
өнеркәсіптік (мұнай-газ, металлургия, тағам, химия салалары); муниципалдық; техногендік; көлік кешені; отын-энергетика кешені; электрондық және электротехникалық сынықтар; емдеу-алдын алу мекемелері; радиоактивті; биологиялық, ауылшаруашылық, органикалық; құрылыс және бұзу; қалдықтардың басқа түрлері.
Су:
ағынды сулар; балшықты жауын-шашын; қоқырлар; су айдындары мен объектілері
Ауа:
ауаның ластануын бақылау және алдын алу және ауаны тазарту технологиялары; өндірісте және жабық үй-жайларда ауаны тазартуға арналған жүйелер мен жабдықтар
өнеркәсіп кәсіпорындарының, ЖЭО, автокөлік шығарындылары.
“Жер:
ластанған аумақтарды оңалту, елді мекендерді абаттандыру.”
Энергия:
жаңартылатын энергия көздері, энергия және ресурстарды үнемдеу.
АктобеНефтеХим 2024
15.10.2024 – 17.10.2024
Актобе, Казахстан
Мұнай, газ және химия өнеркәсібінің 4-ші халықаралық мамандандырылған көрмесі
АктобеНефтеХим химия, мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтары мен технологияларының халықаралық көрмесі шетелдік өндірушілердің отандық мұнай-химия және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандарымен тәжірибе және өзекті ақпарат алмасу, кәсіпорындарға жаңа технологиялар мен жабдықтарды ілгерілету мақсатында байланыс орнату үшін кездесу орнына айналды.
Көрменің негізгі тақырыптық бөлімдері:
- Химия өнеркәсібі
- Мұнай өңдеу және мұнай химиясы
- Газ саласына арналған жабдық
- Композициялық материалдар, шыныпластиктер
- Лак және бояу шығару жабдықтары мен материалдары
- Бақылау-өлшеу жабдықтары мен материалдары
- Технологиялық процестерді автоматтандыру аспаптары мен құралдары және өндірісті басқару жүйелері.
- Зертханалық және аналитикалық жабдықтар
- Синтетикалық каучуктар және резеңке техникалық бұйымдар
- Химиялық және мұнай-химия өнімдерін сақтау және тасымалдау
- Қоршаған ортаны қорғау және жеке қорғаныс құралдары
- Ақпараттық қамтамасыз ету