Skip to content

KIOGE Kazakhstan 2024

02.10.2024 – 04.10.2024

Алматы, Қазақстан, «Qaz Expo» ХКО

KIOGE (КИОГЕ) халықаралық көрме мен конференциясы – мұнайгаз саласын дамытудың инновациялық технологиялары мен негізгі тенденцияларына арналған беделді алаңша. Ең маңызды салалық оқиғалардың бірі бола отырып, мұнайгаз секторы үшін өзекті экономикалық идеялардың дамуына және нақты шешімдерді өндіруге жәрдем береді.

2018 жылы көрмеге 15 елден 252 компания қатысты, олар мұнайгаз жабдықтарын, автоматтандыру жүйелерін, ұңғымаларды бұрғылау мен игерудің технологияларын, өңдеуге арналған жабдықтарды және саланың басқа да жаңалықтарын көрсетті. Көрмеге әлемнің 50 елінен 3583 маман келіп кетті.

Отандық цифрландырудың флагманы «Ембімұнайгаз» АҚ белсенді қолдаған көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде жетекші өнеркәсіп компанияларынан 12 семинар өтті.