Отын сапасы

Еш мəмілесіз жоғары стандарттар

Отынның сапасы компания қызметінің негізгі құндылығы болып табылады. Біздің клиенттеріміз ең жақсы отынды алатынына көз жеткізу үшін жеткізушілерді таңдауға үлкен жауапкершілікпен қараймыз, отын тасымалдауды зауыттан ЖҚС дейінгі барлық кезеңдерде бақылаймыз. Отынның əр топтамасы МЕМСТ пен Кеден одағының Техникалық регламентіне сəйкес екендігін анықтау үшін кешенді зерттеу жүргіземіз.

Жеткізушілер

Компанияның ЖҚС үшін отын жеткізушілерін таңдауға ерекше назар аударамыз, əрбір жеткізушіні таңдауға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Біз Қазақстан Республикасы мен Ресейдің сапалы отын шығаратын сенімді өндірушілерімен ғана ынтымақтастық орнатамыз.

Павлодар мұнай-химия зауыты, ПМХЗ, Қазақстан Республикасы

«ТАИФ-НК» акционерлік қоғамы, Татарстан Республикасы, РФ

ПетроКазахстан Оверсиз Сервисез Инк., Қазақстан Республикасы

Отынды МӨЗ-ден жөнелтпес бұрын сапаны бақылау

Сапаны бақылау бойынша зауыттық зертханаларында отынның ГОСТқа және Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі кешенді зерттеледі. Сәйкес келген жағдайда әр топтама үшін сапа төлқұжаты шығарылады.

Отынның теміржол цистерналарында сақталуы

Мұнай өнімдері зауыттан мұнай базаларына теміржол көлігімен жөнелтіледі. Әр цистерна бір рет қолданылатын пломбымен пломбыланады және оны тасымалдаушы күзетеді. Жеткізілген отын сақтауға арналған сұйыққоймаларға құйылмас бұрын мұнай базаларының сертификатталған зертханаларында міндетті түрде тексерістен өткізіледі.

Отынды АЖҚС-ке жеткізу

Отын мұнай базаларынан АЖҚС-ке автомобиль көлігімен жеткізіледі. Өнім сапасының сақталуына және мөлшеріне кепілдік беру үшін мұнай базасынан шығарылған кезде автоцистернаның әр бөлігі бір рет қолданылатын нөмірлік пломбымен пломбыланады. «Аурика» компаниясының барлық бензовоздары GPS-трекерлермен қамтылған, олар отынның тасымалдауын жол бойы қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

АЖҚС-та отын сапасын бақылау

АЖҚС - ға келгенде, отын қабылдау-тапсыру тексерісінен өтеді. Бензин тасымалдаушыдан АЖС жер асты резервуарына құю алдында отын механикалық қоспалар мен судың жоқтығына тексеріледі. Осы параметрлерді бақылау мұнай өніміне бөгде сұйықтықтардың түсу және оларды араластыру қаупін болдырмайды.

Отын тарату колонкаларының жұмысын бақылау

"Аурика" компаниясының әрбір АЖҚС ай сайын отын тарату колонкаларының құйылу деңгейі мен жылжымалы зертханаларды пайдалана отырып, отын сапасы кенеттен тексеруден өтеді. Параметрлердің нормативтен кез келген ауытқуы анықталған жағдайда – іске асыру дереу тоқтатылады.

Сертификаттар

Аи-92 бензинінің сәйкестік туралы декларациясы
№ KZ.7500610.24.01.00016 , 23.10.2023 ж. дейін.

Аи-95 бензинінің сәйкестік туралы декларациясы
№ KZ.7500610.24.01.00021, 11.12.2023 ж. дейін

ДТ-Л-К4 отынының сәйкестік туралы декларациясы
№ KZ.7500610.24.01.00017, 27.11.2023 ж. дейін

ДТ-Л-К5 отынының сәйкестік туралы декларациясы
№ RU Д-RU.АД17.B.00901/19, 23.08.2022 ж. дейін

ДТ-З-К5 отынының сәйкестік туралы декларациясы
№ RU Д-RU.АД17.B.02008/20, 15.10.2023 ж. дейін

РТ реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның сәйкестік туралы декларациясы
№ KZ.5510317.24.01.05536 , 09.06.2024 ж. дейін

Сапа төлқұжаты

Аи-92 бензинінің сапа төлқұжаты,
№426, ГОСТ 32513-2013, 23.10.2023 ж. дейін

Аи-95 бензинінің сапа төлқұжаты,
№4, ГОСТ 32513-2013, 11.12.2023 ж. дейін

ДТ-Л-К4 отынының сапа төлқұжаты
№208, ГОСТ 32511-2013, 27.11.2023 ж. дейін

ДТ-Л-К5 отынының сапа төлқұжаты
№35713, ГОСТ 32511-2013, 23.08.2022 ж. дейін

ДТ-З-К5 отынының сапа төлқұжаты
№37375, ГОСТ 32511-2013, 15.10.2023 ж. дейін

РТ реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның сапа төлқұжаты
№7, ГОСТ 10227-86, 09.06.2024 ж. дейін

Клиенттердің
пікірлері

"«Аурика» ЖШС дизельдік отын мен бензинды сатып алу конкурстарының бірнеше рет жеңімпазы болды, өзін сенімді жеткізуші-серіктес ретінде көрсетті. Ынтымақтастық еткен кезең ішінде жанармай уақтылы және толық көлемде жеткізілді. Жұмыс барысында компанияның қызметкерлері жоғары деңгейдегі кәсіпқойлылықты көрсетті»."

Ербол А. Бектурсын

«University Medical Center» корпоративтік қорының Көліктік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

"«Ынтымақтастық еткен кезең ішінде «Аурика» ЖШС өзін жедел әрекет ететін өкілетті жеткізуші ретінде көрсетті, өз жұмысын сапалы әрі уақтылы орындауға ұмтылады, бұл біз үшін өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналды»."

Акпаров Даулет Джамбуович

«Қазтехнологиялар» АҚ МТҚ менеджері

"«Аурика» компаниясы ЖЖМ нарығындағы сенімді жеткізуші екенін көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Сіздердің клиенттердің талаптарын мұқият орындайтыныңызды, жедел әрекет ететіндігіңізді және кәсіпқойлығыңызды атап өткісі келеді. АЖҚС-те күндіз-түні үздіксіз қызмет көрсету, смарт-карталарды уақтылы толтыру және тауар сапасы мәлімделген талаптарға үнемі сәйкес келеді»."

Мажитова Лаура

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің аға менеджері

"«МТҚБ автошаруашылығы» ШЖҚ РМК «Аурика» ЖШС-на ЖЖМ толық көлемде және уақтылы жөнелтетін нысанға дейін жеткізгені үшін алғыс айтады. Жеткізілетін тауар барлық қажет сынаулар мен сертификаттаудан өтті, тауардың сапа төлқұжатына сәйкес барлық сапалық және техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді. Табысты ынтымақтастығымыз үшін, мәлімделген көлемдерді жедел жеткізетіндеріңіз үшін рахмет!»"

Ахметов Максут Зейнуллинович

ЖЖМ қоймасының меңгерушісі

Отынның сапасы туралы басқа сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің командамыз біз жеткізетін отынның сапасын бақылаудың технологиялық үдерістеріне қатысты кез-келген сұрақтарға жауап береді.



    Телефон бойынша пікір қалдырыңыз!

    Кейде телефон арқылы пікір бөлісу оңайырақ. Пікір қалдыру үшін немесе кез-келген мəселені шешу үшін біздің күндіз-түні қолдау көрсету қызметімізге қоңырау шалыңыз. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!