Отын карталары
Сіздің бизнесіңізге арналған дұрыс шешім
Байланыссыз отын карталарының түрлері

Мерзімдік отын карталары
Мерзімдік отын картасы күнтізбелік ай ішінде отынның құнын белгілейтін ақша картасы болып табылады. Өзіңізді бағалардың өсуінен сақтандырыңыз жəне карталардың осындай түрін пайдалану арқылы максималды жеңілдік алыңыз.
Қызмет көрсету өңірі
Барлығы
Серіктестік желіде әрекет ету:
Иә
Бағаны қайта есептеу
Ай сайын
Пайдалану мерзімдері:
Жоқ
Жинақтау жеңілдігі:
1%

Литрлік карта
Литрлік отын картасы отын талонының аналогы болып табылады жəне оның барлық атқарымдарына ие. Карта отынды оңай əрі жылдам алуға, компанияның қызметкерлері арасында бөлуге жəне АЖҚС-те қызмет алуға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету өңірі
Шарт бойынша
Серіктестік желіде әрекет ету:
Шарт бойынша
Бағаны қайта есептеу
Шарт бойынша
Пайдалану мерзімдері:
Шарт бойынша
Жинақтау жеңілдігі:
Шарт бойынша

Ақшалай отын картасы
Бұл отын картасы ақшалай əмиян болып табылады. Карта отынның бағасын белгілемейді, бұл нақты АЖҚС-те əрекет ететін жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Картаны ұстаушы бағаны белгілеумен байланысты тəуекелдерден сақтандырылған.
Қызмет көрсету өңірі
Барлық
Серіктестік желіде әрекет ету:
Иә
Бағаны қайта есептеу
Жоқ
Пайдалану мерзімдері:
Жоқ
Жинақтау жеңілдігі:
2%
Отын карталарын пайдалану
артықшылықтары
Қорғаныстың сенімді деңгейі
Отын карталарының көмегімен ақшасыз есеп айырысқан кезде өз автопаркіңізді басқаруда кез-келген тосқауылдан құтылыңыз. Карта беретін қауіпсіз жəне ыңғайлы сервистер картаның ұрлануы мен жоғалуынан қорғайды, картаны жедел бұғаттауға жəне отынды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге көмектеседі.
Көбірек бақылау
Ақшасыз есеп айырысу қызметін орталықтандырылған басқару – бұл шығындарды толық бақылау. Жеке кабинетте барлық транзакциялар бойынша ақпарат сақталады – жүргізушілер өздерінің карталарын қалай жəне қашан пайдаланатынын қадағалаңыз. Лимиттер жүйесі қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге мүмкіндік береді, ал жинақталатын жеңілдіктер мен бонустар – үнемдеуге мүмкіндік береді.
Автопаркті əкімшілендіру процедурасын жеңілдету
Ақшасыз есеп айырысу қызметін басқару орталықтандырылып жүргізілгендіктен, барлық қаржылық құжаттар талаптарға сай келеді жəне электрондық түрде қолжетімді. Отын картасының арқасында қағазбастылықтан құтылыңыз жəне бухгалтерлік есепке алу жүйесін автоматтандырыңыз.
Мобильді қосымша
Қызметкерлеріңіздің жұмыс кеңістігін ыңғайлырақ етіңіз. Біздің мобильді қосымшамызбен бірге жүргізушілер өз шотындағы қалдықтарды жедел қарап шыға алады, қосымша қаражатты немесе отынды сұрата алады, жақын жердегі АЖҚС таба алады.
Карталарды онлайн режимде толық басқару
Шарт жасасқан кезде Сіз өзіңіздің корпоративтік аккаунтыңызға қолжетімділік аласыз. Сізге өз кәсіпорныңыздың отындық карталарын басқарудың кең мүмкіндігі беріледі.
Картаның ыңғайлы әрі икемді теңшелімдері
Сіздің карталарыңыз бойынша аналитика
Есептерді онлайн режимде қалыптастыру
Қазіргі уақыттағы есептеме
Жоғалып қалған жағдайда карталарды жедел бұғаттау
Бухгалтерлік есеп бағдарламасынан деректерді жүктеп алу
Кеңсеге бармай шарт
Кеңсеге келмей Шарт жасасу
Растама мен Шарт электрондық поштаңызға жіберіледі
Шарттың шотын толтыру
Лезде жеткізу
Пайдаланыңыз жəне үнемдеңіз
Сіздің жеке менеджеріңіз
Біз Сіздің компанияңызға ерекше көңіл бөлеміз. Сіздің жеке менеджеріңіз ыңғайлы шешімдерді жəне оңтайлы бағаны іріктеп алады, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Шартты жасасуға өтінім жіберіңіз.
Өтінімді дəл қазір жіберіңіз жəне отын үшін есеп айырысудың қарапайым, ыңғайлы жəне сенімді құралын алыңыз.
Бізге қосылыңыз! Біздің клиентіміз болу оңай!
5000-нан астам кəсіпорын үздік сапалы сервисті алады. Бір рет шерту арқылы біздің компаниямыздың тұлғасындағы сенімді серіктеске ие болыңыз!