Skip to content

Отын карталары

Сіздің бизнесіңізге арналған дұрыс шешім

Отын карталары – бұл Сіздің компанияңыз үшін отын үшін ақшасыз жəне байланыссыз есеп айырысуға арналған ыңғайлы əрі сенімді құрал. Шотты оңай толтырыңыз, өз аккаунтыңызды тиімді басқарыңыз, барлық транзакциялар бойынша ақпаратқа қолжетімділік алыңыз жəне үнемдеңіз – осының барлығы біздің отын карталарымызбен мүмкін болады.

Байланыссыз отын карталарының түрлері

Мерзімдік отын карталары

Мерзімдік отын картасы күнтізбелік ай ішінде отынның құнын белгілейтін ақша картасы болып табылады. Өзіңізді бағалардың өсуінен сақтандырыңыз жəне карталардың осындай түрін пайдалану арқылы максималды жеңілдік алыңыз.

Қызмет көрсету өңірі

Барлығы

Серіктестік желіде әрекет ету:

Иә

Бағаны қайта есептеу

Ай сайын

Пайдалану мерзімдері:

Жоқ

Жинақтау жеңілдігі:

1%

Литрлік карта

Литрлік отын картасы отын талонының аналогы болып табылады жəне оның барлық атқарымдарына ие. Карта отынды оңай əрі жылдам алуға, компанияның қызметкерлері арасында бөлуге жəне АЖҚС-те қызмет алуға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету өңірі

Шарт бойынша

Серіктестік желіде әрекет ету:

Шарт бойынша

Бағаны қайта есептеу

Шарт бойынша

Пайдалану мерзімдері:

Шарт бойынша

Жинақтау жеңілдігі:

Шарт бойынша

Ақшалай отын картасы

Бұл отын картасы ақшалай əмиян болып табылады. Карта отынның бағасын белгілемейді, бұл нақты АЖҚС-те əрекет ететін жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Картаны ұстаушы бағаны белгілеумен байланысты тəуекелдерден сақтандырылған.

Қызмет көрсету өңірі

Барлық

Серіктестік желіде әрекет ету:

Иә

Бағаны қайта есептеу

Жоқ

Пайдалану мерзімдері:

Жоқ

Жинақтау жеңілдігі:

2%

Отын карталарын пайдалану
артықшылықтары

Қорғаныстың сенімді деңгейі

Отын карталарының көмегімен ақшасыз есеп айырысқан кезде өз автопаркіңізді басқаруда кез-келген тосқауылдан құтылыңыз. Карта беретін қауіпсіз жəне ыңғайлы сервистер картаның ұрлануы мен жоғалуынан қорғайды, картаны жедел бұғаттауға жəне отынды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге көмектеседі.

Көбірек бақылау

Ақшасыз есеп айырысу қызметін орталықтандырылған басқару – бұл шығындарды толық бақылау. Жеке кабинетте барлық транзакциялар бойынша ақпарат сақталады – жүргізушілер өздерінің карталарын қалай жəне қашан пайдаланатынын қадағалаңыз. Лимиттер жүйесі қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге мүмкіндік береді, ал жинақталатын жеңілдіктер мен бонустар – үнемдеуге мүмкіндік береді.

Автопаркті əкімшілендіру процедурасын жеңілдету

Ақшасыз есеп айырысу қызметін басқару орталықтандырылып жүргізілгендіктен, барлық қаржылық құжаттар талаптарға сай келеді жəне электрондық түрде қолжетімді. Отын картасының арқасында қағазбастылықтан құтылыңыз жəне бухгалтерлік есепке алу жүйесін автоматтандырыңыз.

Мобильді қосымша

Қызметкерлеріңіздің жұмыс кеңістігін ыңғайлырақ етіңіз. Біздің мобильді қосымшамызбен бірге жүргізушілер өз шотындағы қалдықтарды жедел қарап шыға алады, қосымша қаражатты немесе отынды сұрата алады, жақын жердегі АЖҚС таба алады.

Карталарды онлайн режимде толық басқару

Шарт жасасқан кезде Сіз өзіңіздің корпоративтік аккаунтыңызға қолжетімділік аласыз. Сізге өз кәсіпорныңыздың отындық карталарын басқарудың кең мүмкіндігі беріледі.

Картаның ыңғайлы әрі икемді теңшелімдері

Сіздің карталарыңыз бойынша аналитика

Есептерді онлайн режимде қалыптастыру

Қазіргі уақыттағы есептеме

Жоғалып қалған жағдайда карталарды жедел бұғаттау

Бухгалтерлік есеп бағдарламасынан деректерді жүктеп алу

Кеңсеге бармай шарт

1-қадам
Кеңсеге келмей Шарт жасасу
Сіздің жек менеджеріңіз Шартты дайындап қою үшін байланыс ақпаратын қалдырыңыз.
1-қадам
2-қадам
Растама мен Шарт электрондық поштаңызға жіберіледі
Сіздің жеке менеджеріңіз қысқа мерзім ішінде Шартты дайындайды жəне оны Сіздің поштаңызға жібереді.
2-қадам
3-қадам
Шарттың шотын толтыру
Біз Сізге ерекше бағаны ұсынуға дайынбыз. Сіздің жеке менеджеріңіз шот жазып береді, содан кейін Сіз отынның құнын төлей аласыз.
3-қадам
4-қадам
Лезде жеткізу
Егер Сіз мерзімді немесе ақшалай отын карталарын таңдасаңыз, онда ақша қаражаттары Сіздің Бизнес-кабинетіңізде бейнеленеді; егер литрлік карталарды таңдасаңыз, онда ақша қаражаттары жұмыс күні ішінде литрлерге ауыстырылады.
4-қадам
5-қадам
Пайдаланыңыз жəне үнемдеңіз
Өз компанияңыздың отынға жұмсалатын шығындарын үнемдеңіз жəне бақылаңыз. Жалпы компания бойынша, сондай-ақ əр пайдаланушы бойынша жеке-жеке теңгерім мен қалдық туралы толық ақпаратты алыңыз.
5-қадам

Сіздің жеке менеджеріңіз

Біз Сіздің компанияңызға ерекше көңіл бөлеміз. Сіздің жеке менеджеріңіз ыңғайлы шешімдерді жəне оңтайлы бағаны іріктеп алады, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Шартты жасасуға өтінім жіберіңіз.

Өтінімді дəл қазір жіберіңіз жəне отын үшін есеп айырысудың қарапайым, ыңғайлы жəне сенімді құралын алыңыз.





    Ай сайынғы тұтыну көлемі

    0 л.

     л.

    30 000 л.


    Бізге қосылыңыз! Біздің клиентіміз болу оңай!

    5000-нан астам кəсіпорын үздік сапалы сервисті алады. Бір рет шерту арқылы біздің компаниямыздың тұлғасындағы сенімді серіктеске ие болыңыз!




      Карта АЗС

      Более 140 АЗС на всей территории Республики Казахстан