Мемлекетке
Мемлекеттік сатып алудың адал қатысушысы
Біз мемлекеттік сатып алудың барлық түрлеріне қатысамыз
«Аурика» компаниясы ашық конкурстарға, электрондық сауда-саттыққа жəне биржалық аукциондарға белсенді қатысады. Біз баға ұсынысы бойынша сауалға жедел жауап береміз жəне бір көзден сатып алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынамыз.
Неліктен бізге сенім артады?
Қызметтерді көрсетудің сапасы мен тұрақтылығы
Біз Қазақстан Республикасы мен Ресейдің сапалы отын шығаратын сенімді өндірушілерімен ғана ынтымақтастық орнаттық, сервисіміздің, қауіпсіздіктің деңгейі мен отынның сапасын үнемі жетілдіреміз.
Жоғары біліктілік жəне мол тəжірибе
Біз үздік əлемдік тəжірибелерді қоғамдық талаптарды қанағатандырудың көп жылдық тəжірибесімен бір кешенде бейімдейміз, бұл – барлық мемлекеттік сатып алудың негізі.
Біз өзіміздің бүкіл əлемдегі əріптестеріміздің инновациялық тəжірибесі мен шеберлігіне жəне өз қызметкерлеріміздің кəсіптік біліміне сүйене отырып, өз кəсіпорнымызды ғана емес, сондай-ақ елімізді үнемі дамытуға ұмтыламыз.
Қаржылық тұрақтылық
Елдің жетекші банкінің қаржылық кепілдіктері сыртқы теріс əсерлерден қорғайды, бұл мемлекеттік ұйымдарға бізге жеткізуші ретінде сенімді болуына мүмкіндік береді. Тұрақтылық пен төлем қабілеті осындай тұрақтылықтың индикаторы болып табылады.
Халықаралық стандарттарға сəйкестік
«Аурика» компаниясы технологиялық жабдық пен жеткізілетін отын барлық ұлттық жəне халықаралық стандарттар мен нормаларға сəйкес келетінін тестілеуге жəне сертификаттауға инвестицияны үздіксіз жұмсайды.
Қолдау жəне тығыз ынтымақтастық
Қызметкерлерді дұрыс дайындау, нақты жобаларды, сатып алу жəне жеткізу барысында есеп-қисапты құрылымдастыру бізге сенімді əрі ыңғайлы жеткізуші болып қалуға көмектеседі.
Сіздің жеке
менеджеріңіз
Білікті маман кез-келген мəселені шешуге жəне Сіздің мүдделеріңізді қорғауға көмектеседі.
Конкурсқа қатысу үшін шақыру
Біз конкурстар мен тендерлерге қатысу үшін əрқашан ашықпыз. Бір рет шерту арқылы бізді шақырыңыз!
Бірге қызмет етейік!
Бізге өзіңіз туралы шамалы айтып беріп, өзіңіздің бірегей баға ұсынысыңызды сұратыңыз.
Мемлекеттік тізілімдегі біздің орнымыз
1997 жылдан бері мемлекеттік сатып алуларға адал қатысушы
Сертификаттар
Аи-92 бензинінің сәйкестік туралы декларациясы № KZ.7500610.24.01.00016, 23.10.2023 ж. дейін
Аи-95 бензинінің сәйкестік туралы декларациясы № KZ.7500610.24.01.00021, 11.12.2023 ж. дейін
ДТ-Л-К4 сәйкестік туралы декларациясы
№ KZ.7500610.24.01.00017, 27.11.2023 ж. дейін
ДТ-Л-К5 сәйкестік туралы декларациясы
№ RU Д-RU.АД17.B.00901/19, 23.08.2022 ж. дейін
ДТ-З-К5 сәйкестік туралы декларациясы
№ RU Д-RU.АД17.B.02008/20, 15.10.2023 ж. дейін
РТ реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның сәйкестік туралы декларациясы
№ , до
Сапа төлқұжаты
Аи-92 бензинінің сапа төлқұжаты,
№426, ГОСТ 32513-2013, 23.10.2023 ж. дейін
Аи-95 бензинінің сапа төлқұжаты,
№4, ГОСТ 32513-2013, 11.12.2023 ж. дейін
ДТ-Л-К4 сапа төлқұжаты
№208, ГОСТ 32511-2013, 27.11.2023 ж. дейін
ДТ-Л-К5 сапа төлқұжаты
№35713, ГОСТ 32511-2013, 23.08.2022 ж. дейін
ДТ-З-К5 сапа төлқұжаты
№37375, ГОСТ 32511-2013, 15.10.2023 ж. дейін
РТ реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның сапа төлқұжаты
№7, ГОСТ 10227-86, 27.06.2021 ж. дейін