Skip to content

Caspian Oil and Gas 2022

27-ші Халықаралық көрме

Өткізу күндері: 01.06.2022 ж. – 03.06.2022 ж.

Өткізу орны: Баку Экспо Орталығы (Баку, Әзірбайжан)

Тақырыбы: Мұнай, газ, химия, жабдық

Ұйымдастырушы: Iteca Caspian LLC

Көрме Каспий маңы өңіріндегі энергетикалық сектордың аса ірі іс-шарасы болып табылады. Көрме мен конференция Каспий өңірінің негізгі мұнай-газ жобаларын талқылау үшін ең жоғары деңгейдегі жетекшілерді жыл сайын жинайды.

Көрменің тақырыптық бөлімдері:

  • Мұнай-газ кен орындарын зерттеу;
  • геофизика және геология;
  • Газ және мұнай ұңғымаларын салу және пайдалану;
  • Тұғырнамалар және қалқымалы бұрғылау қондырғылары;
  • Газ өндіру өнеркәсібі үшін жабдықтарды құрылымдастыру, өндіру және техникалық қызмет көрсету;
  • Құбырларды өткізу және құбыржолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Мұнайды/газды және мұнай-химия өнімдерін өңдеу;
  • Көмірсутектерді тасымалдау;
  • Энергетика саласындағы сектордағы құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • Мұнайды және газды сақтау жүйелерін қамтамасыз ету;
  • Арнаулы техниканы, техникалық қызмет көрсетуге арналған арнайы техниканы, жалпы қолданыстағы және қосарлайтын элементтер мен қосалқы бөлшектерді өндіру, соның ішінде қаржылық және заңгерлік қызметтер көрсету.