Skip to content

АҚТӨБЕМҰНАЙХИМ-2023

Күні: 16-18 Мамыр 2023

Қазақстан, Ақтөбе

«АқтөбеМұнайХим» халықаралық химия, мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтары мен технологиялары көрмесі шетелдік өндірушілердің отандық мұнай-химия және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандарымен тәжірибемен және өзекті ақпаратпен алмасу, байланыстар орнату үшін, Ақтөбе облысының кәсіпорындарында жаңа технологиялар мен жабдықтарды ілгерілету мақсатында кездесу орны болып қалды.

Осы аймақтағы өнеркәсіптік секторды дамыту келешектерін, орасан үлкен өндірістік қуаттылықтарды, тиімді географиялық жағдайды ескере отырып, «АқтөбеМұнайХим» көрмесін өткізу облыстың одан әрі экономикалық дамуы үшін маңызды оқиға болып қалды.

«АқтөбеМұнайХим» көрмесіне қатысудың артықшылықтары:

  • Қазақстанның ең ірі өнеркәсіптік аймағының нарығына шығу.
  • тек Ақтөбе облысының ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің жақын жатқан аймақтарының мамандарының максималды санымен қатынасу мүмкіндігі, жаңа байланыстарға ие болу.
  • Қазақстандағы әлдеқашан қолданыстағы серіктестік қатынастарды нығайту мүмкіндігі, одан әрі ынтымақтастықты талқылау.
  • әлеуетті клиенттердің қажеттіліктерін орнында зерделеу мүмкіндігі. – Конференцияға қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар жеке семинарды немесе тұсаукесерді өткізу.
  • Ақтөбе облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына басшылармен және жетекші мамандармен танысу, одан әрі ынтымақтастық үшін байланыстармен алмасу, осы кәсіпорындар үшін мақсатты ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында бару.
  • «АқтөбеМұнайХим» көрмесіне қатысу бағасы Қазақстанның аумағындағы ұқсас тақырыптама бойынша көрмелердегі бағалардың ең төмені + қатысуға өтініш берудің ерте кезеңінде шегерімдер алу.