Skip to content

“МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ” 2021 Нұр-Сұлтан

05 – 07 қазан

“МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ” 2021 Нұр-Сұлтан көрмесі мен конференциясы “МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ” 27-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ KIOGE (КИОГЕ) – инновациялық технологияларды және мұнай-газ саласының даму беталыстарын көрсетудің абыройлы алаңы. Аса маңызды салалық оқиғалардың бірі бола тұра, мұнай-газ секторы үшін нақты шешімдерді шығаруға және өзекті экономикалық идеяларды өрбітуге ықпал етеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ саласының мәселелері мен өзекті тақырыптарын айқындау және талқылау, “ақылды” технологияларды енгізу, мұнай өндіру үдерістерін цифрландыру.

2018 жылдың наурыз айының басында Астанада «KAZENERGY» мұнай-газ ұйымдары мен энергетикалық кешеннің қазақстандық қауымдастығы” ЗТБ және «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі негізгі мұнай-газ іс-шарасының: KAZENERGY форумын, қазақстандық халықаралық көрмесін және KIOGE конференцияларын ұйымдастырушылар осындай іс-шараларды екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылдады.