
Отынды МӨЗ-ден жөнелтпес бұрын сапасын бақылау
Сапаны бақылау бойынша зауыттық зертханаларында отынның ГОСТқа және Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі кешенді зерттеледі. Сәйкес келген жағдайда әр топтама үшін сапа төлқұжаты шығарылады.
Отынның теміржол цистерналарында сақталуы
Мұнай өнімдері зауыттан мұнай базаларына теміржол көлігімен жөнелтіледі. Әр цистерна бір рет қолданылатын пломбымен пломбыланады және оны тасымалдаушы күзетеді. Жеткізілген отын сақтауға арналған сұйыққоймаларға құйылмас бұрын мұнай базаларының сертификатталған зертханаларында міндетті түрде тексерістен өткізіледі.
Отынды АЖҚС-ке жеткізу
Отын мұнай базаларынан АЖҚС-ке автомобиль көлігімен жеткізіледі. Өнім сапасының сақталуына және мөлшеріне кепілдік беру үшін мұнай базасынан шығарылған кезде автоцистернаның әр бөлігі бір рет қолданылатын нөмірлік пломбымен пломбыланады. «Аурика» компаниясының барлық бензовоздары GPS-трекерлермен қамтылған, олар отынның тасымалдауын жол бойы қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
Отынның сапасын АЖҚС-те бақылау
АЖҚС-ке жеткізілген отын қабылдау-тапсыру тексерісінен өтеді. Бензовоздан АЖҚС-ң жерасты сұйыққоймасына құймас бұрын отында механикалық қоспалар мен су жоқ екендігі тексеріледі. Осы параметрлерді бақылау мұнай өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және олардың араласып кетуіне жол бермейді.
Отын бөлу колонкаларының жұмысын бақылау
"Аурика" компаниясының әр АЖҚС-ң отын бөлу колонкаларының отын құю деңгейі мен отынның сапасы мобильді зертханаларды пайдалану арқылы ай сайын кенеттен тексеріледі. Параметрлердің нормативтен кез-келген ауытқуы анықталған жағдайда отынды өткізу дереу тоқтатылады.